Елімізде 1 ақпан - азаматтық авиация қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметі күнін атап өтіледі. Бұл күн әуе тасымалының қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген сала мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі. Азаматтық авиация қызметкерлері жолаушылар қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, елдің көлік жүйесінің дамуына үлес қосып келеді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ директоры Рәзия Ыдырысбаева да авиация саласында 10 жылға жуық бортсерік болып еңбек еткен. Бала кезінде осы сала маманы болуды армандаған Рәзия Нижатқызы осыдан 28 жыл бұрын күтпеген жерден кастингке қатысуды шешеді. Солайша, мыңға жуық үміткердің арасынан іріктеліп, үздік 15 адамның қатарына енеді.

РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ

Рәзия Нижатқызының айтуынша, бортсерік болу – үлкен жауапкершілік. Олар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, әр рейсте сабырлылық пен кәсібилікті сақтайды. Кез келген жағдайда жедел шешім қабылдап, жолаушыларға көмек көрсету – бортсеріктің басты міндеті. Әрине, бұл мамандықтың артықшылықтары да жетерлік.

РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ

Авиация саласы қауіпсіздік пен нақтылықты басты орынға қоятын, аса маңызды қызмет түрі. Әуе көлігі жолаушылар тасымалын ғана емес, ел экономикасы мен халықаралық байланыстың дамуына да үлкен үлес қосып келеді. Бүгінде Петропавлдағы әуежайда 100-ге жуық маман еңбек етеді. «Қызыл-жар» халықаралық әуежайының директоры Абыл Кекілбаевтың айтуынша, қазіргі таңда авиация саласының мамандарына айтарлықтай сұраныс артқан.

АБЫЛ КЕКІЛБАЕВ, «ҚЫЗЫЛ-ЖАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Айта кетейік, Азаматтық авиация күні 2023 жылы кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді. Сондай-ақ, 1 ақпанда авиациялық қауіпсіздік қызметі күні де аталып өтіледі.