Өңірде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасында алдын алу іс-шаралары күшейтілді. Облыстық Полиция департаменті мен әдістемелік орталықтың бірлесуімен Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. 

Жыл басынан бері мектептерде «Заң мен тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстелдер, дәрістер мен интерактивті сабақтар өткізілуде. Солардың бірі Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінде «Заң бәріне бірдей» атты облыстық конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты балаларға заң талаптарын түсіндіру және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

ДИАНА ҚАЗБЕКОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері облыс аумағында 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 26 адам жарақат алған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша арнайы дәрістер өткізуде.

АЛМАЗ ЕРКЕШЕВ, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Іс-шара барысында стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға бөгет, су құбыры, әкімдік, сот, прокуратура секілді стратегиялық және құпия нысандарға заңсыз кірудің ауыр құқықтық жауапкершілікке әкелетіні айтылды.

АЙДАНА МЕЙІРМАНОВА, СҚО МКБ АҒА ИНСПЕКТОР-ПСИХОЛОГЫ

Балаларға жол белгілері, жаяу жүргіншілер ережесі, қауіпсіз мінез-құлық туралы кең көлемде ақпарат берілді. Мамандар жол-көлік оқиғаларына жүргізушілердің де, кәмелетке толмағандардың да салғырттығы себеп болатынын атап өтті. Осындай алдын алу жұмыстары оқу орындарында тұрақты түрде өткізіп келеді.