Солтүстік Қазақстан облысында жабайы аңдар тұрғын үйлердің ауласына кіріп жүр. Мамандардың айтуынша, Петропавл қаласында және еліміздің көптеген өңірлерінде түлкілер жеңіл табылатын азық пен паналайтын орын іздеп, тұрғын-үй аумақтарында жиі көріне бастады.

Жабайы аңды көрген жағдайда үрейге берілмей, жануарды тамақтандыруға және жақындауға тиым салынады. Түлкілер құтыру ауруын тасымалдауы мүмкін. Сондықтан жануарды ұстауға, сипауға болмайды, қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды.

ОЛЕГ БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ