Кәсіпкерлер "ОПЕК" қорынан несие ала алады. Пайыздық мөлшерлеме 2,5-5 %. Қаржыландыру мерзімі жобаның ауқымы мен өзектілігіне байланысты 22 жылға дейін ұзартылады. КСМ: Негізгі басымдық шағын және орта бизнеске беріліп отыр. Елде бизнесті қаржыландырудың осындай жаңа тетігі пайда болады. Бүгін Сенат ОПЕК Халықаралық даму қорымен жасалған келісімді мақұлдады. Бұл – мемлекеттік бюджетке салмақ салмай, жекеменшік секторға инвестиция тартудың жаңа механизмі. Айта кетейік, OPEC Халықаралық даму қорының негізгі миссиясы – дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау. Қор 50 жыл ішінде әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асырды. Жалпы құны 30 млрд АҚШ долларынан астам қаржы бөлді. Соңғы 20 жылда Орталық Азия елдеріне 1,4 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылған.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ