Солтүстік Қазақстан облысында балалардың еркін ойлау қабілетін қалыптастыруға және қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған «Тіл мұрасы» облыстық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Облыстың бастауыш сынып мұғалімдері, мектепалды сынып тәрбиешілері, мектеп оқушылары арналған «Қазақ тіліне бойлата оқыту үрдісі» облыстық семинары өтті.

Семинарға өңірдің түкпір-түкпірінен бастауыш сынып мұғалімдері, мектепалды даярлық топтарының педагогтері және қазақ тілі пәні оқытушылары қатысуда. Кездесу барысында мамандар тілдік ортаны қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылап, балалармен жұмыс істеудегі тәжірибелерімен бөлісуде.

БАЛЕРКЕ СӘДУАҚАСОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ӘДІСКЕРІ

Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілін бойлата оқыту үрдісінің мазмұнын ашу, тілдік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді насихаттау, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру арқылы білім алушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.

РАЙСА ӘБУЕВА, С. ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Мамандардың айтуынша, ойын және коммуникативтік технологияларды қолдану балалардың қазақ тілін табиғи ортада меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл әдістер оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін және қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал етеді.