Конституциядағы республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту керек. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай ұсыныс айтты. Бүгін комисия хатшылығына жазылған хаттар тыңдалды. Отырыста депутат "комиссия аясында тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар. Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек" деді.
МҰРАТ ӘБЕНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
ЖАҢА АТА ЗАҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАУ ҰСЫНЫЛДЫ
Ал, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жаңа Ата заң мәселесін қарауды ұсынды. Ол кейінгі екі күн ішінде ұсынылып отырған өзгерістер жан-жақты әрі мұқият талқыланғанын жеткізді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің бәрі қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келетінін атап өтті.