Бүгін 9–11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі салтанатты түрде қорытындыланды. Зияткерлік сайыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген үздік оқушыларды біріктіріп, дарынды жастарды іріктеудегі маңызды кезеңдердің бірі болды.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде бірнеше кезеңнен тұрады. Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша олимпиадаға 3600-ден астам оқушы қатысты. Іріктеу турларының нәтижесінде тек 520 оқушы ғана облыстық кезеңге жолдама алып, нақты және гуманитарлық бағыттағы түрлі пәндер бойынша білімдерін сынға салды.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыстық олимпиадаға қатысушылар - бірнеше кезеңнен өткен, ұзақ уақыт дайындалған оқушылар. Олардың көпшілігі бірнеше ай бойы ұстаздары мен жетекшілерінің көмегімен пәндерді тереңдетіп оқып, күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын жетілдірген.

ҚИЯТ ЯКУБОВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ

НАЗЫМ ТАЛАНТҚЫЗЫ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 243 оқушы жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал үздік деп танылған 65 қатысушы Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық кезеңде қорғамақ.