Петропавлда Әділет департаментінің 2025 жылдың 12 айындағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында департамент өкілдері әділет органдары қызметін цифрландыру барысы, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелері және заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар жөнінде мәлімдеді.

Биыл Әділет департаментінде 1315 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аталған уақыт ішінде мерзім бұзушылықтары тіркелмеген. Сонымен қатар, Әділет министрлігі жасанды интеллектті қолдана отырып, бірқатар қызметтерді цифрландыруды жүзеге асырып, осы саладағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізді.

ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда тұрғындар үшін жедел әрі қолжетімді кеңес алу аса маңызды. Осы мақсатта мемлекеттік органдар жаңа цифрлық форматтарды енгізіп, азаматтарға онлайн режимде көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтуде. Енді құқықтық консультация алу үйден шықпай-ақ, толықтай тегін түрде жүзеге асады.

ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, СҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта тұрғындарға, соның ішінде шалғай ауылдардағы халыққа сапалы және тиімді құқықтық қызметтерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.