Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады. (( КСМ: )) Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Оның айтуынша, былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілген. Ал мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түсті. Сондай-ақ, қала әкімі шахардың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды. Мемлекет басшысы Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, орнықты көлік және туристік инфрақұрылым қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.