Қызылжар креативті-орталығында «PICASSO» сурет мектебінің ұйымдастыруымен «Творческий дождь» атты сурет көрмесі өтіп жатыр. Іс-шараға мектептің ең жас тәрбиеленушілері қатысты. Жоба балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған. Көрмеде түрлі техникаларда орындалған жұмыстар ұсынылды.
Экспозицияда 4–9 жас аралығындағы балалардың суреттері қойылған. Жас суретшілер витраж бояуларымен жұмыс істеуді алғаш рет меңгерді. Әр жұмыс баланың қиялы мен ішкі әлемін бейнелейді. Көрме келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.
ДАНАРА АЛҒОЖИНА, СУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Әрбір жұмыс баланың ойы мен сезімін сурет арқылы жеткізеді. Жас суретшілер түс пен пішіндерді қолданып, қиялын еркін көрсеткен. Көрмеде көркем суреттер мен қызықты идеялар ұсынылған. Бұл жұмыстар балалардың шығармашылық қабілетін танытады және көрерменге ерекше әсер береді.
КСЕНИЯ КУЗНЕЦОВА, СУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
ӘНЕЛ НАУРЫЗБАЙ, СУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Көрме 1 ақпанға дейін жалғасады. Келушілер үшін тегін. Келесі көрме 8 наурызда өтеді және мүлде жаңа форматта ұйымдастырылатын болады.