Солтүстік Қазақстан облысының оқу орындарында «Закладчики. Мать» деректі фильмінің көрсетілімі басталды. Туындыда нашақорлық пен есірткі бизнесінің ауыр зардаптары, тәуелділік пен бас бостандығынан айыру жазасы салдарынан өмірі күрт өзгерген отбасылардың тағдыры баяндалады. Осындай тағылымды көрсетілімдердің бірі Петропавл қаласындағы Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде өтті.
«Закладчики. Мать» деректі фильмі Солтүстік Қазақстан облысындағы нашақорлық пен есірткі қылмысы мәселесін арқау етеді. Туындыда ата-ана мейірімінен айырылған балалар мен бас бостандығынан айырылған перзентін жылдар бойы күткен аналардың ауыр тағдыры бейнеленген.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, СҚО ІСБ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде ұйымдастырылған көрсетілімге 75 студент қатысты. Көрермен фильмді бірлесе отырып тамашалап, туындыдағы есірткі қылмысының салдары қаншалықты ауыр болатындығын талқылады.
АЯУЛЫМ ЕЛЖАСОВА, СТУДЕНТ
Айта кетейік, туынды толық нұсқасында YouTube платформасында қолжетімді. Фильм авторлары бұл өзекті әлеуметтік мәселені тек қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана жеңуге болатынына сенімді. Бұл туынды алдағы уақытта барлық білім беру ұйымдарында көрсетілмек.