Петропавл қаласында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған зияткерлік сайыс өтті.
«Эко-Батл: Таза Қазақстан» атты интеллектуалдық ойынға қала колледждерінің студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты – жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтіп, экология мен тазалық мәселесіне бейжай қарамауға шақыру, дейді ұйымдастырушылар. Интеллектуалдық ойын екі кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде командалар экология, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қоршаған ортаны қорғау тақырыптарында қойылған сұрақтарға жауап берді. Ал екінші кезеңде қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті сыналды. Шара соңында ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанып, дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
ІЛИЯС ТАШОВ, СТУДЕНТ