Технологиялық тұрғыдан артта қалу – ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент құқық қорғау органдарының цифрлық технологияларды қолдану мәселесіне ерекше тоқталды. Қазіргі таңда қылмыскерлер жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып жатыр. Сондықтан оларға заманауи, озық технологиялық шешімдермен қарсы тұру – экономикалық жаңғыру жолына бет алған Қазақстан үшін маңызды міндет. Әсіресе, қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге заңсыз шығару деректері азаймай тұр. Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекет қаржысының ел игілігіне жұмсалуын бақылау – Қаржылық мониторинг қызметінің басты міндеті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ