Петропавл қаласында жауапсыз зейнеткердің әрекетіне байланысты жедел әрекет ету қызметтері дабыл бойынша көтерілді. 

Петропавл қаласында зейнеткердің жауапсыз әрекетіне байланысты жедел әрекет ету қызметтері дабыл бойынша жұмылдырылды. 16 қаңтар күні таңертең Батыр Баян көшесіндегі автобус аялдамасында қараусыз қалған пакет қала тұрғындарының алаңдаушылығын туғызды. Хабарлама «102» арнасына түсті. Полицейлер саперлердің жұмысын қамтамасыз ету үшін көшені уақытша жапты. Мамандар қауіпті заттарды анықтаған жоқ — пакет ішінде қарапайым қоқыс болған. Аула-ауланы аралау барысында қалалық полиция басқармасының екінші бөлімінің учаскелік инспекторы Мұрат Арықов құқық бұзушыны анықтады. Ол 65 жастағы зейнеткер болып шықты. Айта кетерлігі, бұған дейін ол қаланың көшелерін тазалау жұмыстарында еңбек еткен, алайда бұл жолы аялдамаға бара жатқанда қоқысты контейнерге дейін апармаған. Бұған дейін осындай құқық бұзушылық үшін оның жұбайы да жауапкершілікке тартылған.

Осыдан кейін аталған аумақта қоқыс тастау фактілері тіркелген жоқ. Әкімшілік материал сотқа жолданды. Құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Еске салайық, 2024 жылдың сәуір айынан бастап елімізде ауқымды «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қоғамдық орындарды ластау бойынша 4 мыңнан астам деректі және абаттандыру қағидаларын бұзудың 23 мыңнан астам фактісін анықтады.