Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа бабы — «Сталкинг» бойынша тергеуді аяқтады. Қудалау дерегі бойынша елдегі алғашқы үкім Петропавл қалалық сотында жарияланды.

Жәбірленушінің арызына сәйкес, оны бір жарым жылдан астам уақыт бойы 37 жастағы қала тұрғыны қудалап жүрген. Ол полицияға ер адамның оны аңдып көңіл бөлуге тырысқанын, өзі және жақын ортасымен жанжалға барғанын айтып берген.

Бұған дейін ер адам жәбірленушінің атына балағат сөздер айтқаны, оған дене жарақатын келтіргені және оның танысына шабуыл жасағаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жәбірленуші тыныштығынан айырылып, қала ішінде еркін қозғалу мен адамдармен қарым-қатынас жасаудан қорқа бастағанын жеткізді, сондай-ақ өзге азаматтар да оның мұндай әрекеттерінен зардап шегуі мүмкін екенін айтты. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекстің «Сталкинг» бабы күшіне енгеннен кейін, айыпталушы жәбірленушімен екі рет байланыс орнатуға әрекеттенген. Ол 22 қаңтар күні полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары қысқа мерзімде тергеу жүргізіп, материалдарды сотқа жолдады.

Сондай-ақ, сот шешімімен оған алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынып, профилактикалық әңгімелесу үшін полицияға тұрақты түрде келу міндеттелді. Ең бастысы — жәбірленушімен кез келген байланысқа түсуіне қатаң тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

МАХАББАТ ШАЙКЕНОВА — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ 

СҚО полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, қаңтар айында облыста сталкингтің екі фактісі тіркелген. Екінші дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.