Қызылордада өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі екенін айтып өтті.

Президент өз сөзінде «Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз», - деді. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы 2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен бастау алған еді. Содан бері бүкіл ел аумағында жалғасқан ауқымды іс- шараға айналды.

ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ