Негізгі Жаңалықтар Дүниежүзілік сайлау күніне орай кездесу өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне орай кездесу өтті

Жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Оқушыларға сайлау заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және сайлауға саналы түрде қатысуға баулу. Аталған іс-шара дәріс форматында өтті, сондай-ақ мұндай кездесулер ойындар мен викториналар түрінде де ұйымдастырылады. Оқушылар болашақ сайлаушы ретіндегі өз құқықтары мен міндеттері туралы, сондай-ақ сайлауға қатысудың демократиялық қоғамды дамытудағы маңызы жөнінде мағлұмат алды.

КЕҢЕС МҰҚЫШЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Бөлісу