“Қазақстандағы Конституциялық реформа: жастардың қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер” береді. Осындай атаумен Астанада ауқымды жиын өтті. Оның басты мақсаты - жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсене қатысуы мен әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді шешімдерді қабылдауға ықпал ету. Жалпы, «Jastar X» деп аталатын сараптамалық алаң 2023 жылы құрылған. Содан бері қоғам мен жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді еркін әрі ашық форматта талқылап келеді. Бұл жолы саясат, құқық жəне қоғамдық даму саласындағы сарапшылар жастардың парламенттік үдерістерге қатысуындағы жаңа тетіктер мен мүмкіндіктерді талқылады.
ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ