Үкімет «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітті. Құжат Мемлекет басшысының Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы негізінде әзірленді.
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Бағдарлама балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған қолданыстағы тетіктерді біріктіреді. Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтеді. Балалар мүддесіне бағдарланған саясатты дамытуға арналған бірыңғай мемлекеттік көзқарас қалыптастырады. Бағдарлама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді. «Қазақстан балалары» – кешенді әрі ұзақ мерзімді құжат. Балалардың қорғалуы мен қауіпсіздігі – негізгі басымдықтардың бірі. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында, - деп жазды Ерлан Қарин.
ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ