Петропавл қаласында жылдың алғашқы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға түрлі саладағы жұмыс берушілер қатысып, жұмыс іздеушілерге нақты ұсыныстар жасалды. Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы сұранысты арттыру.

Жәрмеңкеде 15-тен астам жұмыс беруші 400-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Ұсынылған мамандықтар қатарында техникалық және экономикалық бағыттағы қызметтер бар. Қатысушылар түйіндеме тапсырып, тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Мамандардың айтуынша, мұндай алаңдар жұмысқа орналасу үдерісін едәуір жеңілдетеді.

ТАТЬЯНА АДИЛОВА, «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жәрмеңкеге қатысып жатқан жұмыс берушілердің қатарында мұнай-газ саласына арналған бөлшектер өндіретін кәсіпорын да бар. Зауыт қазіргі таңда негізінен жұмысшы мамандар іздеуде. Кәсіпорын колледждермен ынтымақтастық орнатып, жастарды тәжірибеден өткізуге басымдық береді.

ЛЮДМИЛА ГОДИНА, «ПЕТРОМАШЗАВОД» ЖШС-НІҢ КАДР ЖӨНІНДГІ ИНСПЕКТОРЫ

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ай сайын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жұмыс іздеушілер Enbek.kz платформасы арқылы онлайн форматта да мүмкіндіктерді пайдалана алады.