Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, қоғам үшін өзекті мәселелерге тоқталды.
Ұлттық құрылтай құрамында еліміздің барлық өңірлерінен, түрлі салалардан құралған 117 адам бар. Солардың қатарында біздің өңірден қатысқан «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының» жетекшісі Сергей Худяков та бар. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай - қоғам өкілдері тікелей Үкімет және Президентпен пікір алмасатын маңызды диалог алаңы. Сергей Худяков экономикалық даму секциясының жұмысына қатысып, Энергетика министріне жаңа экономикалық секторды дамыту жөнінде ұсыныс білдірді.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, «ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ» ЖЕКЕ МЕКЕМЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ: