Бүгінде инновациялық технологиялар дамыған заманда медицинада ота жасап, ғарышты игеруге атсалысып жүрген ақылды техникалар күнделікті тіршіліктің бір бөлігіне айналды. Аспанда қалықтаған дрондар мерекелік сәттерді бейнеге түсірсе, қауіпсіздікті қадағаласа, зауыттарда роботтар күрделі механизмдерді асқан дәлдікпен құрастыруда. Заман көшінен қалмай Қазақстан да технология жағынан озық елдер қатарынан көрінуге ұмытылып келеді.

Қазіргі кезде робототехника негіздерін оқыту — білім беру саласындағы өзекті бағыттардың бірі. Бұл бастама жас ұрпақтың инженерия мен ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде де бұл бағыт жүйелі түрде дамып келеді. Соның айқын дәлелі — «Парасат» мектеп-лицейінде жұмыс істейтін робототехника үйірмесі.

СНХ: АСЫЛТАС СМАЙЫЛОВА, ПАРАСАТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ

7-сынып оқушысы Аңсар Сағат робототехникаға ерекше қызығушылық танытып жүр. Қазіргі таңда ол түрлі құрылғыларды өз қолымен жасап шыққан. Оның қатарында бионикалық робот қолы мен ұшақ макеті бар. Болашақта жас өнертапқыш инженер болуды армандайды.

СНХ: АҢСАР САҒАТ, ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ

Робототехниканы меңгеру оқушылардың болашақтағы ізденісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамытады. Үйірме барысында олар робот құрастырып қана қоймай, автоматтандырылған құрылғылар жасап, түрлі тәжірибелер жүргізеді. Бұл-инженерлік және ғылыми мамандықтарға бастайтын алғашқы қадам,-дейді үйірме жетекшісі.

СНХ: ДӘУРЕН ҚАЖЫМҰРАТОВ, РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қазір үйірмеге қатысушылар облыстық жарыстарда өз жобаларын таныстырып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, 2025 жылғы жас зерттеушілер конкурсына қатысқан бірқатар оқушы жүлдегер атанған. Мұндай жетістіктер балаларға болашақ мамандықтарын таңдауға және өмірлік жолдарын қалыптастыруға көмектеседі.