Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жарияланды. Былтырғы жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша облысымыз республикада қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша 4-орынға ие болды. Өнеркәсіп саласының өсу қарқыны бойынша облыс 1-орында, ауыл шаруашылығы бойынша 3-орында, ал құрылыс көлемі бойынша 4-орында тұрақтады.
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өнеркасіп өнімінің көлемі 942,4 млрд теңгеге жетіп, айтарлықтай өсті. Ауыл шаруашылығында 1 триллион тенгеден астам өнім өндіріліп, облыс республика бойынша өсім қарқыны жағынан 3-орынға шықты. Облыстың республикалық өндірістегі үлесі 11,3 пайызды құрады. Құрылыс саласында 289,4 млрд тенгенің жұмысы атқарылып, өткен жылмен салыстырганда 27 пайызға артқан.
МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Былтыр өңірге 609 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп. Инвестициялар көбіне өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығы салаларына бағытталды. Жалпы қаржының негізгі бөлігін шағын кәсіпорындар салды. Қаражаттың басым бөлігі құрылыс жұмыстары мен жаңа техника сатып алуға жұмсалған.
МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 35 623-ке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға өсті. Оның 70 пайыздан астамын жеке кәсіпкерлер құрайды.