Спорттық жаттықтырушы мамандығы – жоғары кәсіби дайындықты талап ететін көпқырлы қызмет саласы. Ол спорттық жетістіктермен қатар педагогикалық және психологиялық құзыреттілікті де қажет етеді. Молдабек Қалиұлы Ағзамов соның айқын дәлелі. Жуырда спорт ардагерінің 70 жас мерейтойына арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өтті. Додаға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
Молдабек Қалиұлы Ағзамовтың есімі бұрынғы Көкшетау облысының аумағына кеңінен танымал тұлға. Еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, «Ақ бидай» спартакиадасының бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиадалардың жеңімпазы. Қазір еркін күрестен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданы бойынша құрама командасының жаттықтырушысы, спорт ардагері. Саналы ғұмырын спортшыларды тәрбиелеуге арнады.
СНХ: МОЛДАБЕК АҒЗАМОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ
Сайысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Турнирде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Қызылжар, Уәлиханов, Тайынша аудандарының, сондай-ақ Щучинск, Астана мен Петропавл қалаларының спортшылары бақ сынасты.
СНХ: ЕРІК КУДУЛОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
СНХ: ОРЫНБЕК БАЛАҒАНОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ:
Турнирге жас спортшылардың бірі Әмір Әнуарбек қатысты. 42 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Балғын күресші болашақта Молдабек Қалиұлы сияқты бапкер болғысы келетінін айтады.
СНХ: ӘМІР ӘНУАРБЕК, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫТурнир қорытындысы бойынша 18 келі салмақта Бауыржан Рауан, 46 келіде Нұралы Мұжалхан, 55 келі салмақ дәрежесінде Аңсар Оралбай жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаз белбеу және медальдармен марапатталды.