Енді несие алып, қарызға батқандардың құқығы заң жүзінде қорғалады. Елде қаржылық омбудсмендер қызметі іске кіріскелі отыр. Олар азаматтар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауды сотқа жеткізбей реттеуге көмек береді. Бұл ретте омбудсмен қабылдаған шешімді қос тарап яғни, қарыз алушы да, несие беруші де орындауға міндетті. Сондай-ақ дәлелденбеген, мән-жайы анықталмай жолданған өтініштер қаралмайды. Мәселен, несиені уақытылы төлеп отырсыз, соған қарамастан банк айыппұл қосқан немесе келісімшартта көрсетілмеген комиссияны ай сайын ұстап отыр делік. Мұндай жағдайда омбудсменге төлем кестесін және өзге де құжаттарды мерзімінде тапсыру керек.

СНХ: Меруерт Қуанышбекқызы, экономист 

Омбудсмендер қызметін енгізу қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселесіне қатысты заңның аясында құрылмақ. Жуырда құжатқа Мемлекет басшысы қол қойған еді. Қазір омбудсмендерді іріктеу, арнайы кеңселерді ашу жайы пысықталып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, институт дайындық аяқталысымен, келесі жылдан жұмыс істей бастайды.

СНХ: Дамиля Байділдаева ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы