«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 17 см-ге көтерілген. Ең жоғары көрсеткіш Шоптыкөл ауылы маңындағы Есіл өзенінде тіркеліп отыр. Мұнда су деңгейі 160 см артқан.

Сонымен қатар кей өзендерде судың төмендеуі байқалады. Айталық, Рузаевка ауылындағы Шарық өзенінде 107 см азайған. Тоқсан би ауылында 89 см төмендеген. Аққанбұрлық, Мұқыр өзендерінде 4 см азайған. 3-5 сәуір аралығында ғабит Мүсірепов атындағы және Шал ақын аудандарында су деңгейі одан әрі көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан өзендердің тасуы және автожолдарды басу қаупі бар.