Достық үйінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жастардың құқықтық мәдениеті: сын-қатерлер мен жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі - студенттер мен еріктілерге арнайы ұйымдастырды.
Кездесуге отбасын қолдау орталығының мамандары, ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ құқықтық қолдау орталығының жетекшісі спикерлер ретінде шақырылды. Олар жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру бағыттары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында қатысушылар тақырып аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.
СНХР: ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, СҚО ІСБ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Мұндай кездесулер апта сайын ұйымдастырылып тұрады. Жиын барысында жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері – нашақорлық пен буллинг мәселелері кеңінен қозғалып, олардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
СНХР: ДАРЬЯ МАРЧУК, СТУДЕНТ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық кездесулер жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етіп, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.