«Sens fashion» кәсіпорны облысымыздың экономикасымен мәдени өмірінде алар орны ерекше десек қателеспейміз. 2015 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан бұл фабрика, бүгінде 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ұстанған бағыттары оқушыларға мектеп формасы, спорттық киімдер мен ұстаздар қауымына біркелкі кеңсе киімін тігу. Істері бір ізділікке түскен серіктестік қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облысы мен Астана қаласы бойынша 500-ге жуық білім ордасын 100 пайыз өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

«Sens fashion» фабрикасының ірге тасы 2001 жылы "Меховая Радуга" деген атаумен қаланған. Жұмыстары құндыз, түлкі секілді көптеген бағалы аң терілерінен түрлі пішіндегі бас киімдер шығаруға бағытталады. Алайда жеке кәсіпкер 2015 жылы облыс орталығындағы «Солтүстік» тұрмыстық үйі ғимаратын сатып алып «Sens fashion» деген атауымен онда үлкен тігін цехын ашады. Қаладағы бірнеше мектеппен келісім-шарттар жасалып, оларға біріңғай мектеп формасын тігу жұмысына кіріседі. Ал 2016 жылы еліміз бойынша ортақ мектеп формасын енгізу туралы қаулы шыққанда, аталмыш фабрика өзінің жұмысын осы бастамаға бағыттап, облыс көлеміндегі мектептерге жаңа формалар тігуге кіріседі.

Елена Кирьякова – кәсіпорын директорының орынбасары

Бүгінде аталмыш фабрика үш облыстың 500-ге жуық мектептерімен байланыс орнатып олармен тікелей жұмыс істеп келеді.

Бұл жерде болашақ форманың сызбасы сызылып, нобайы жасалады. Алғашқы үлгісі тігіліп дайын киім қандай болатындығы, көзге қалай көрінетіндігі талқыланады. Нұсқа бекітілісімен оның пішіндері мына цехта әзірленіп кәсіпорынның негізгі өндіріс бөлігі орналасқан үлкен залға түсіп жұмыстардың 80 пайыздан астамы осы жерде атқарылады. Бұл цехтатағы тігіншілер саны 30 адам. Сөреде жатқан мына киімдердің барлығы жаңа ғана осы мамандардың қолынан шыққан дайын өнімдер.

Татьяна Казимирова – өндіріс басшысы

Аталмыш кәсіпорын өткен жылы Астана қаласында өз филиалдарын ашқан. Онда да мектеп формалары мен спорттық костюмдер тігу жұмыстары бір ізділікке түсіп, тіпті Республикалық волейбол мен баскетбол командаларын спорттық киіммен толық қамтамасыз етіп отыр. Құрылғандарына биыл 25 жыл толған кәсіпорын бүгінде жалпы саны 100 адамды жыл 12 ай тұрақты еңбекке жұмылдыруда. Еліміздегі мектеп формасын тігу саласындағы жетекші кәсіпорындардың біріне айналған жергілікті «Sens fashion» серіктестігіндегі білікті мамандардың қолынан шыққан өнімдерін, өңір мақтанышы деп айтсақ қателеспесіміз анық.