Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің одан әрі дамуының негізгі басымдықтарын айқындады. Құрылтай қорытындылары жаңа реформалардың негізіне айналмақ. Мемлекет басшысы елге нақты нәтижелер қажет екенін, азаматтардың қорғалуы мен заңның толық сақталуы аса маңызды екенін атап өтті.

Ұлттық құрылтай барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар жүйеленгенін мәлімдеді. Барлық тиісті бастамалар бірыңғай бағдарламаға біріктірілді. Оның айтуынша, соңғы жылдары елде ғылым, білім беру және тәрбие салаларында бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ғылыми қалашықтарды құру және дамыту тұжырымдамасы қабылданып, мектептердегі тәрбие жұмысының бағдарламасы жаңартылды.

ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ