Ұлттық құрылтай еліміз үшін айрықша рөл атқарады. Соңғы төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді. Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында ел дамуының стратегиялық бағыттары, соның ішінде цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жаңа бастамалар таныстырылды.
Мемлекет басшысы технологиялық өзгерістерге дер кезінде бейімделу Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты екенін атап өтті. Сондай ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті кең көлемде енгізу мақсатында қабылданды.
СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: