Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырды. Спорттық іс-шара мектеп спортының дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәулет Токқожинді еске алуға арналды.
Турнир Qyzyljar теннис орталығында ұйымдастырылды. Турнирдің демеушілері ретінде Дәулет Тоққожиннің әріптестері, туыстары мен жақын достары қолдау көрсетті.
СНХР: АЙНАГҮЛ ТОҚҚОЖИНА – Д. ТОҚҚОЖИННІҢ ЖҰБАЙЫ
Турнир мектеп қауымдастығы үшін жылы жүздесу алаңына айналып, өзара құрмет пен сабақтастықтың мектеп өміріндегі маңызын тағы бір мәрте еске салды.
СНХР: КОНСТАНТИН МАКСАЙМЕР
Турнир қорытындысы бойынша үш үздік команда анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды