Петропавлда Жеңіс саябағында «Эко-жемсалғыш» акциясы өтті. Іс-шара аясында акцияға қатысушылар құстарға арналған арнайы жемсалғыштарды өз қолдарымен дайындап, оларды саябақ аумағындағы ағаштарға ілді. Бұл бастама қыс мезгілінде құстарды қолдап, табиғатқа жанашырлық танытуды мақсат етеді.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламыздың Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен экологиялық бағыттағы конкурс өтті. Айта кетейік, бұл игі іс-шара биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
СНХР: АҚЖАН НАКЕНОВ, «ЖАС ЖАУЫНГЕР» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Іс-шараға 35-тен астам адам қатысты, олардың басым бөлігі - балалар. Әрбір жас қатысушы өз ата-анасымен бірге құстарға арналған жемсалғышты өз қолымен жасады. Мұндай іс- шаралар балалар мен жастарды табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті дамытуға, сонымен қатар қоғамда қамқорлық пен жауапкершілік сезімін нығайтуға үлес қосады. Осы орайда, қала тұрғыны Бақытжан Әділов мұндай акцияға жыл сайын қатысып, жастарға үлгі көрсетуге тырысады.
СНХ: БАҚЫТЖАН ӘДІЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ