Петропавлда «Шырша жануарларға көмектеседі» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара қалдықтарды азайтуға, қаланың тазалығын сақтауға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Қылқан жапырақты ағаштар жануарларға қосымша азық ретінде беріледі, бұл олардың күтім жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Тәулік бойы коммуналдық қызметтер жаңа жылдық шыршаларды шығарады. Барлық жиналған ағаштар «Қызылжар орман шаруашылығы» және «Теплов» орманшылығына жеткізіледі. Қала тұрғындары да шыршаларын өздері әкеліп тапсыра алады. Ескерте кетейік, 20 қаңтардан кейін абаттандыру ережелерін сақтамағандарға және жаңа жылдық шыршаларды тиісті жерге тастамағандарға әкімшілік шара қолданылатын болады.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ