Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағы аумағында саңырауқұлақ өсіретін ферма іске қосылды. Жоба өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Өндіріс жұмысына еңбек адамының жаңа буынының өкілі — Асмая Асланова жетекшілік етеді.

Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында саңырауқұлақ өсіретін ферма іске қосылды. Жоба Үкіметтің қолдауымен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылды. «Еңбек адамы» дегенде көбіміз көп жылғы тәжірибесі бар, ауыр кәсіп иесін елестетеміз. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз – бұл түсінікті жаңаша қырынан көрсететін жас маман. Саңырауқұлақ фермасының өндіріс басшысы, еңбек адамының жаңа буынының өкілі – Асмая Асланова.

АСМАЯ АСЛАНОВА – ӨНДІРІС БАСШЫСЫ

Кейіпкердің айтуынша, өндірісті басқару – ең алдымен адамдарға сенім арту және олармен бір командада жұмыс істей білу.

АСМАЯ АСЛАНОВА – ӨНДІРІС БАСШЫСЫ

Кәсіпорын басшылығы мен ұжым кейіпкерімізді кәсіби біліктілігі және өндірістік үдерістерді тиімді ұйымдастыра білетін қабілеті үшін жоғары бағалайды.

ЕКАТЕРИНА АСАЁНОК – САҢЫРАУҚҰЛАҚ ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Міне, ол бүгінгі күннің нағыз кейіпкері. Жас, жігерлі әрі өз ісіне адал. Асмая Асланова күн сайын мол өнім өсіріп, табиғатты аялауға үлес қосып, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту жолында еңбек етіп келеді.