Зейнетақылық аннуитет - бұл сақтандыру компаниясымен жасалатын келісімшарт. Ол сіздің зейнетақы жинақтарыңызды өмір бойы төленетін ай сайынғы төлемдерге айналдыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы ресми зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ зейнетақы алуға болады. Алайда бұл ретте қаражат сақтандыру компаниясына аударылып, басқа мақсаттарға пайдалануға қолжетімсіз болады. Зейнетақылық аннуитет – қордың жинақтаушы сақтандыру бағытындағы бағдарламаларының бірі.

Қазақстанда өмірді сақтандыруда жинақтаушы компаниялардың қызметі сенімді саналады. Себебі оларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды. Сонымен қатар, Ұлттық банк жанында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін арнайы қор жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, келісімшартта қарастырылған барлық төлемдер толық көлемде, яғни 100 пайыз орындалады.

ИРИНА КАЛИНЧУК, ПЕТРОПАВЛ Қ. ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР АГЕНТТІГІНІҢ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Петропавл қаласының тұрғындары қаржылық сауаттылыққа мән бере бастады. Олар болашағын ойлап, жинақтаушы қорлардың шарттарын зерттеп, қаржылық қызметтер агенттігімен келісімшарт жасасуда. Бүгінде оның нәтижесін де көріп отыр.

АҚБІЛЕК ҚАСЫМОВА , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жинақтаушы қорлар заңды түрде жұмыс істейді, ал салынған қаражат ел экономикасының дамуына бағытталады. Салымшылар өз қаржысының қозғалысын онлайн бақылап отыра алады.

ИРИНА КАЛИНЧУК, ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР АГЕНТТІГІНІҢ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, ПЕТРОПАВЛ Қ.

Еуропа елдерінде тұрғындар зейнетақы туралы ерте ойланады. Себебі барлық зейнетақы жүйесі бірдей сенімді емес және көбіне жеке жинақтауды талап етеді. Ал Қазақстанда қаржылық пирамидаларға қатысты алаяқтық салдарынан халықтың жинақтаушы қорларға сенімі төмендеген. Дегенмен, елімізде өмірді сақтандыру компаниялары 1998 жылдан бері заңды түрде жұмыс істеп келеді.