Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіпов ведомствоның арнайы бөлімшелерінің дайындығын тексерді. Ол жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен оқу-жаттығу взводына барды.
Облыстық полиция бастығы кезекші бөлімнен бастап, спорт залы мен киім ауыстыратын бөлмелерге дейінгі қызметтік нысандарды аралап, қару-жарақ пен автопарктің бір бөлігін тексерді. Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Абай Жүсіпов арнайы бөлімшелер қызметкерлері үнемі жоғары физикалық дайындықта болып, бөлімше құрамында күрделілігі жоғары міндеттерді орындауға моральдық және психологиялық тұрғыдан дайын тұруы қажет екенін атап өтті. Қажет болған жағдайда дәл осы қызметтердің полицейлері ең күрделі учаскелерге және күштік операциялар аймағына алғашқылардың бірі болып жіберіледі. Полиция департаментінің бастығы қызметкерлердің әлеуметтік қолдауы, психологиялық жағдайы және қызмет тиімділігі мәселелері өзінің жеке бақылауында болатынын айтты. Кездесу соңында ол полицейлерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және қызметте табыс тіледі.