Биыл да еліміздегі ең үздік білім ордаларының бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқушыларды іріктеу науқаны басталды. Құжат қабылдау 9 ақпанға дейін жалғасады. Бұл – дарынды оқушылар үшін сапалы білімге жол ашатын маңызды мүмкіндік. Ұйымдастырушылар өңірдегі барлық 8-сынып оқушыларын және ата-аналарды құжаттарын уақытында тапсыруға шақырады.

Назарбаев Зияткерлік мектебі – озық білім беру жүйесімен дараланатын оқу орны. Мұнда оқушылар толық күндік форматта білім алып, негізгі пәндермен қатар ғылыми жобаларға, зерттеу жұмыстарына және стартап-жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.

СНХ: СӘУЛЕТ МҰҚАНОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ NIS ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебіне іріктеу кешенді тестілеу арқылы жүргізіледі. Тест барысында оқушылардың математикалық және логикалық ойлау қабілеті, мәтінді түсінуі мен функционалдық сауаттылығы бағаланады. Айта кетейік, мектепте қазақ және орыс тілінде білім беретін сыныптар бар. Грант екі тілде де тең дәрежеде ұсынылады. Сондықтан өңірдегі мемлекеттік және орыс тілінде білім алатын барлық оқушылар байқауға қатыса алады.

СНХ: СӘМИЯ МӘЖІТОВА, 4 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінде 700-ден астам оқушы білім алуда. Қазақ және орыс сыныптарының үлесі шамамен 50 де 50. Ал сыныптардың нақты саны жыл сайын талапкерлердің жинаған балдарына байланысты қалыптасады. Сондықтан мамандар ата-аналар мен оқушыларды құжат тапсыру мерзімін өткізіп алмауға шақырады. Құжат қабылдау 9 ақпанға дейін жалғасады.