Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. Президент өкімімен құрылған кеңестің алғашқы жиыны Қазан айында мемлекет басшысының қатысуымен өткен. Мамандар жарты жылдан бері ауқымды құрылымдық өзгерісті жан жақты талқылап жатыр. e-Otinish және eGov платформалары арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған.
СНХ: НАТАЛЬЯ ПАН ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Парламенттің Үкіметті, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны, Орталық сайлау комиссиясын және басқа да мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысудағы конституциялық рәсімдерінің жалпы тәсілдері туралы айтты. Жұмыс тобының мүшелері: Азат Перуашев, Марат Шибұтов, Елнұр Бейсенбаев, Үнзила Шапақ, Марат Бәшімов, Индира Әубәкірова және өзге де мүшелері өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
СНХ: ЕРЖАН ЖИЕНБАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ