Бүгінде өндіріс саласының дамуы білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Ел экономикасының тұрақты өсуі мен отандық кәсіпорындардың қуатын ұлғайтуы кадр мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Петропавл электротехникалық зауыты – жұмысшы мамандарды даярлау ісінде ерекше үлгі көрсетіп отырған өндіріс орындарының бірі.

Петропавл электротехникалық зауыты жылдан жылға қуатын арттырып келеді. Былтыр нарыққа түрлі трансформаторлардың 6 мың данасын шығарды. Биыл 8 мыңға жеткізбек. Өнімнің 90-95% бұған дейін Ресейге жөнелтіліп келді. Қазір 70-80% ғана шетелге, қалғаны өзіміздің аймақтарға жөнелтіліп жатыр.

СНХ: Бейбіт Ыбраев, Петропавл электротехникалық зауытының өндіріс жөніндегі директоры

Петропавлдағы трансформатор шығаратын зауыт қажет мамандарды өздері даярлайды. Кәсіпорынның басты ерекшелігі де осында. Өйткені трансформаторды құрастыруға керек кәсіп иелерін оқытатын жоғары оқу орны елімізде жоқ, тек Кентауда ғана орта арнаулы білім беретін колледж бар. Бүгінде зауытта 200 адам еңбек етеді. Орташа еңбекақы — 450-500 мың теңге шамасында. Жұмысшыларының 50% - еліміздің оңтүстігінен келген азаматтар. Тұрақты еңбекақы, кәсіби даму мүмкіндігі және өндірістік тәжірибе бұл кәсіпорынды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етіп отыр.

СНХ: Бейбіт Ыбраев, Петропавл электротехникалық зауытының өндіріс жөніндегі директоры

Кәсіпорын биыл өнім көлемін 8 мыңға жеткізуді жоспарлаған. Сондай-ақ құрғақ трансформаторлар өндірісін жолға қоюды ды мақсат етіп отыр.