Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру барысында облыстық прокуратура мемлекеттік органдар және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Кәсіпкерлермен диалог» акциясын және «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» бастамасын өткізді. Кездесу барысында салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндіріліп, кәсіпкерлік жүргізудегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ құқықтық мәдениетті нығайту мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бизнес өкілдерінің қалай үлес қоса алатыны айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты - 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы жаңашылдықтарды кәсіпкерлерге жан-жақты әрі түсінікті түрде жеткізу. Сонымен қатар, бизнес өкілдерін құқық бұзушылыққа итермелейтін себептер мен алғышарттарды анықтап, оларды болдырмау жолдарын бірлесе талқылауға басымдық берілді.

СНХ: АЛМАС АСАИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

Кездесу аясында ашық диалог орнады. Жиында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері тыңдалып, заң талаптарын сақтай отырып кәсіпкерлік жүргізуге жағдай жасау тетіктері қарастырылды.

СНХ: ГҮЛНӘР ГАЛЯМОВА – «ЗЕРДЕ» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ

Іс-шаралар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді. Өңір прокуратурасы алдағы уақытта да алдын алу бағытындағы жұмыстарды және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жалғастырады.