Петропавл қаласының тұрғыны Елена Скакунованың шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасқан. Заң саласында еңбек етіп жүрген шағында ол жол-көлік апатына ұшырап, ұзақ уақыт бойы денсаулығы мен жан дүниесін қайта қалпына келтіруге тура келді. Сол сындарлы кезеңде Елена үшін кітап жазу рухани тірекке айналып, өмірге деген сенімін қайта оятты.

Елена Скакунова - жазушы, заңгер, іс-шара ұйымдастырушы, волонтёр және психолог. Петропавлда оны түрлі саладағы белсенді қызметі арқылы көпшілік жақсы біледі. Алайда, оның шығармашылық қыры жайлы көбі біле бермейді. 35 жасында Елена 32 өлең жинағын, 6 әндер жинағын және прозалық жанрда 30 кітап жазған.

СНХ: ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Еленаның шығармаларындағы басты кейіпкерлер — күнделікті өмірде кездесетін қарапайым жандар. Қазіргі уақытта жазушы өзінің 31-ші кітабын жазу үстінде.

СНХ: ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Елена шығармаларында детектив жанрының элементтерін шебер ұштастырады. Оқиға желісіндегі күрделі түйіндер мен олардың шешілу жолы оқырманның қызығушылығын арттырып, кітапты соңына дейін оқуға жетелейді.