Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Министр армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берді. Цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы да баяндады. Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын жеткізді. Мемлекет басшысы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.