Өңірімізде жаңа жыл мерекесі қарсаңында елді мекендер ерекше ажарға ене бастады. Ауыл тұрғындары үйлерін түрлі-түсті шамдармен безендіріп, мерекелік көңіл күй сыйлауда. Қызылжар ауданындағы Митлишино ауылы да бұл игі бастамадан тыс қалмаған. Әсіресе кешкі мезгілде ауыл ертегідей кейіпке еніп, жарқыраған шамдарға көмкерілген үйлер тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Екатерина Пелипенко отбасы мүшелерімен бірге бірнеше күнде үйлерін безендіріп шыққан. Олар үшін бұл – жаңа жыл қарсаңындағы жыл сайынғы дәстүр.

СНХ: ЕКАТЕРИНА ПЕЛИПЕНКО, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Евгений Петрович жергілікті шаруашылықта агроном болып еңбек етеді. Оның айтуынша, отбасы жеті жылдан бері үйлерін жаңа жылдық безендірумен әсемдеп келеді. Бастапқыда бұл істі балаларын қуанту үшін қолға алған.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЯХИМОВИЧ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Осылайша, халқы небәрі 174 адамды құрайтын Митлишино ауылы жаңа жыл қарсаңында тек өз тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекендерден келетін қонақтарға да мерекелік көңіл күй сыйлайтын шағын, бірақ жарқын орталыққа айналып отыр.