«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көшбасшысы» байқауының қорытындысын жариялады. Конкурстың негізгі мақсаты – медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету сапасын арттыру.
Биыл байқау тамыздың бірі мен қарашаның 30-ы күндері аралығында өтіп , оған 19 медициналық мекеме қатысуға ниет білдірді. Олардың 13-і аудандық, 6-уы қаладағы емдеу мекемелері. Қатысушылар қатарында жеке меншік емханалар да бар. «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көшбасшысы» байқауының қорытындысы бойынша үздік медициналық мекеме анықталып, оларға дипломдар, кубоктар және естелік сыйлықтар табысталды. 1-ші орынды – «Явленка аудандық ауруханасы» иеленді, 2-ші орын – «Ақжар аудандық ауруханасының » еншісіне бұйырса, 3-ші орынды – «Уәлиханов аудандық ауруханасы» ие болды.
СНХ: ЕКАТЕРИНА БЕРЕСНЕВА, «ЯВЛЕНКА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.