Мемлекет басшысы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Құжаттың маңыздылығына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасында пікір білдірді. Заңнамалық түзетулер археология саласын жүйелеуге бағытталған. Түптеп келгенде осы қадамдар тарихи мұраны қорғау ісін жақсартады, заңсыз қазба жұмыстарына қарсы күрестің тиімділігін арттырады әрі археология саласындағы бақылау мен тәртіпті қамтамасыз етеді. Білім беру-сауықтыру қызметтері бойынша заңға енгізіліп жатқан Жаңа жоспарда нашақорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бұған дейін қабылданған шараларды жүзеге асыру тәжірибесі ескерілді. Нашақорлықтың алдын алу және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешу блогы күшейтілді. Ең бастысы, құжатты әзірлеуге Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері айырықша атсалысты. Олар қоғамда нашақорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті орнықтыру ісінен де шет қалған емес. Ұлттық құрылтай аясында Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыру жалғасуда, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.