Қауіпсіздік – ең басты құндылықтардың бірі. Адам өмірі мен мүлкінің қорғалуын қамтамасыз ететін салада, жұмыс істеп жүрген жандардың істері көп жағдайда көзге көріне бермейді. Бейнесюжетімізге арқау болған сондай кейіпкердің бірі – «Идея Групп» серіктестігінің маманы Ақылбай Жанғожин. Оның аталмыш серіктестіктің өрт қауіпсіздігі саласында табанды еңбек етіп келе жатқанына биыл 23 жыл. Кәсіпорындағы негізгі міндеті, өрт сөндіру құралдарын тексерістен өткізу, қолданыс мермізі өткендерін қайда толтыру, жарамсыздарын жаңасына алмастыру.

«Идея Групп» серіктестігі – өңіріміз бойынша өрт дабылдарын орнату, бейнебақылау жүйелерін іске қосу, өрт сөндіргіштерді тексеру және қайта толтыру, ғимараттарға өртке қарсы өңдеу жүргізу секілді қауіпсіздік жұмыстарын атқарумен айналысады. Бұл салада әр қызметкердің жауапкершілігі өте жоғары. Себебі бір ғана қателік, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Ақылбайдың негізгі жұмысы – өрт сөндіргіштерді тексеру, жөндеу және оларды қайта толтырып, жарамды құрылғылар сапына қою. Себебі әр өрт сөндіргіш кез келген уақытта іске қосылуға дайын болуы керек.

Қолдану уақыты өтіп кетсе де өрт сөндіргіш қауіпті жағдайда көмектеспей қалуы мүмкін. Сондықтан аталмыш құрылғы қолданылмаса да оның ескі-жаңасына қарамай уақтылы тексертіп тұру қажет. – дейді маман.

СНХ: АҚЫЛБАЙ ЖАНҒОЖИН – ИНЖЕНЕР 

Сынаптай сырғып өткен 23 жылда Ақылбай, өртке қарсы қызмет саласында мол тәжірибе жинаған. Бұл өз ісіне деген сүйіспеншілік, қызығушылық пен құрметтің нәтижесі дейді ол.