2026 жылдан бастап Қазақстан медициналық көмекті көрсетудің жаңа моделіне яғни, біртұтас медициналық пакетке көшеді. Өзгерістер еліміздегі барлық азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Келесі жылы Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақстандыру туралы Заңға жаңа өзгерістер енгізілетін болады. Қазіргі уақытта облыста сақтандырылмаған азаматтар саны 89 976 адам. Олардың ішінде әлеуметтік осал топтарға жататын 31 359 адам.
Біртұтас пакет екі бөліктен тұрады. Тегін көрсетілетін негізгі медициналық қызметтер пакеті және сақтандырылғандарға арналған кеңейтілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бұл модель 2025 жылы кезең-кезеңімен енгізіле бастады.
СНХ: АЙНАГҮЛ ДАВЛЕТЧИНА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Сондай-ақ, келесі жылдан бастап сақтандырылмаған азаматтарға көрсетілетін көмек көлемі едәуір кеңейеді. Олар 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностикадан өтіп, жедел жәрдем мен бастапқы медициналық көмекті толық көлемде пайдалана алады. Скрининг бағдарламалары да түгелдей қолжетімді. Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 89 мыңнан аса адам сақтандырылмаған.
СНХ: НҰРСҰЛТАН САРЖАНОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы, жаңа модель мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мақсат-сапалы медициналық көмекті баршаға қолжетімді ету. Мамандар әр азаматқа өз сақтандыру мәртебесін тексеріп отыруды ескертеді.