Мереке қауіпсіз өтуі тиіс. Бұл туралы Жаңа жылда отшашуды қолдануды жоспарлаған әрбір адам есте сақтауы қажет. Полицейлер мен төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алуға қатаң түрде кеңес береді. Пиротехниканы заңсыз сату қауіп төндіреді, өйткені мұндай жағдайда тауардың сапасы мен сақтау талаптарының сақталуына ешкім кепілдік бермейді.
Қолайсыз жағдайларда сақталған отшашуларды пайдалану аса қауіпті. 20 желтоқсаннан 2026 жылдың 3 қаңтарына дейін Солтүстік Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтуде. Қазіргі таңда полицейлер пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 9 дерегін анықтап, тиісті құжаттары жоқ 64 дана пиротехникалық өнімді тәркіледі.
СНХ: Ерболат Қабыров — СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы