Петропавлда студенттердің құқықтық білімін арттыру және заң талаптарын түсіндіру мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №66 тергеу мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында қауіпсіздік талаптары мен заңдылықты сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Іс-шара барысында студенттер тергеу мекемесінің қызметімен, ішкі тәртібімен және заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу ерекшеліктерімен танысты. Мекеме қызметкерлері қамауда ұстау тәртібі, күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

СНХ: ЕРЛАН ЖАМҰЛДИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ЕКІНШІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Тергеу мекесінде өткен экскурсияға 5 колледжден келген студенттер қатысты. Оларға құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда туындайтын салдарлар түсіндіріліп, жастарды адал азамат болуға шақырды.

СНХ: САНЖАР ЖАМБОЛҒАН, СТУДЕНТ

Айта кетейік, мұндай экскурсиялар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.