Ұлағатты ұстаз – тек білім беріп қана қоймай, шәкірт жүрегіне жол табатын жан. Міне, осындай ұстаздардың бірі – Сара Күзембаева. Оның ұстаздық жолы 1964 жылы басталып, сол күннен бастап ол әр баланың бойындағы таланты мен қабілетін ашуға тырысты.
Сара Ақайқызы – педагогика саласына саналы ғұмырының 40 жылын арнаған ардақты ұстаз. Ол 1964 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтты жолдасы Қазақбай Мақышпен бірге тәмамдаған. Институттың сол кездегі ректоры, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің бастамасымен жас мамандар туған өлкесі – Көкшетау өңіріне жолдамамен жіберіледі. Қазақ бөлімінде білім алып, қазақ тілінде тәлім-тәрбие алған кейіпкеріміз ұстаздық еңбек жолын Рузаев ауданына қарасты Привольный совхозындағы орыс тілінде оқытатын сегізжылдық мектептен бастайды. Осылайша, жас мұғалімдердің педагогикалық қызмет жолындағы алғашқы қадамдары осы білім ордасында қаланды.
СНХ: САРА КҮЗЕМБАЕВА
1971 жылы ол Жамбыл ауданының Озерный орта мектебіне келіп, еңбек жолын осы білім ордасында жалғастырады. Бұл мектепте жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істейді.
СНХ: САРА КҮЗЕМБАЕВА
Бүгінде оқушыларының бірі ұстазының жолын қуып, мұғалім атанса, енді бірі түрлі салада елге тірек болар білікті маман, беделді азамат болып қалыптасты. Сол шәкірттердің қатарында көпшілікке танымал этножурналист Татьяна Жангелдина да бар. Ол өз ұстазына деген жылы лебізі мен алғысын білдірді..
СНХ: ТАТЬЯНА ЖАНГЕЛДИНА, ШӘКІРТІ
Сара Күзембаева Қазақстан Республикасының Ағарту ісінің үздігі төсбелгісінің иегері. 5 баланың анасы, 12 немереден 7 шөбере көріп отыр. Оның өнегесін көрген өзіңнің туған баласы да анасының жолын таңдап, білім саласында еңбек етуде.